Иран шахтасындағы жарылыс: қаза тапқандардың саны 50 адамнан асты

Sputnik
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Иран Ислам Республикасында көмір шахтасында жарылыс болды. Қазіргі кезде қаза тапқан адамдардың саны 50-ден асты, деп хабарлайды Mehr агенттігі.
Шахта Оңтүстік Хорасан провинциясында Табас қаласында орналасқан. 21 қыркүйекте екі блокта газ жарылды. Сол кезде B мен C блоктарында 69 жұмысшы жұмыс істеді деген ақпарат бар.
В блогында құтқару операциясы аяқталды. Ол жерден 30 адамның мәйіті шығарылды, тағы 17 адам зардап шеккен. Ал С блогында басталған операция үш-төрт сағатқа жалғасады. Қазіргі кезде жарылыстан қаза тапқандардың саны 51 адамға жетті. Бұдан бөлек, 20 адам зардап шекті.
Көмір шахтасы Madanjo компаниясына қарайды. Ал Оңтүстік Хорасанның губернаторы осы аймақ елдегі көмірге деген сұраныстың 76 процентін қамтамасыз етіп отырғанын айтты.
Шығыс Қазақстанда шахтада жұмысшылар көз жұмды: полиция қылмыстық іс қозғады