Шығыс Қазақстанда шахтада жұмысшылар көз жұмды: полиция қылмыстық іс қозғады

© Photo : QarmetШахта имени Ленина компании Qarmet
Шахта имени Ленина компании Qarmet - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 қыркүйек - Sputnik. ШҚО полиция департаменті шахтада төрт жұмысшының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысында "Востокцветмет" ЖШС шахтасында 4 адам уланып қайтыс болды.
Тағы бір адам Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды ("тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу")", - делінген ПД хабарламасында.
ПД хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.
"Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтады", – делінген хабарламада.
Шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
Шахтерлер 55 жастан зейнетке шығуы мүмкін
Жаңалықтар
0