Петропавлда әскери қызметкердің мәйіті табылды

Ол Қорғаныс істері басқармасымен келісімшарт бойынша қызмет еткен
Sputnik
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Петропавлда әскери қызметкердің мәйіті табылды.
Ол жұмыстан тыс уақытта үйлердің бірінің жертөлесінен табылған.
"Алдын ала мәлімет бойынша әскери қызметкер отбасындағы жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті.
Департамент басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Аягөз қаласында әскери қызметкердің мәйіті табылды