Захарова "Солтүстік ағын" бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтетін күнді атады

Sputnik
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. 26 қыркүйекте "Солтүстік ағын" газ құбырындағы диверсияға арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Санкт-Петербургте өтіп жатқан әйелдердің IV Еуразиялық форумында мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Ол Ресейдің "Солтүстік ағын" газ құбырларындағы жарылыстарын тергеуді аяқтайтынын және шындықтың көпшілікке белгілі болуы үшін бар күш-жігерін салатынын айтты.
"Келесі қадамдардың қатарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 26 қыркүйекке жоспарланған ресейлік газ құбырларына жасалған диверсияға арналған отырысы бар", - деді Захарова.
18-20 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте әйелдердің Еуразиялық форумы өтіп жатыр. Бұл халықаралық ынтымақтастықтың, тұрақты экономикалық дамудың, жаңа технологияларды дамытудың, салауатты өмір салтын және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ әлеуметтік қайырымдылық жобаларын ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланатын барлық континенттегі көшбасшы әйелдер арасындағы халықаралық диалог алаңы.
Ресейдің СІМ өкілі Газа, Солтүстік ағын және БҰҰ туралы айтты