АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қызылордада қызды жезөкшелікке тартқан және зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандардың барлығы ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Игорь Лепеха Сенат отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді.
Іс бойынша 13 айыпталушы анықталды, оның 11-і қамауға алынды. Екеуі үйқамақта отыр. Бүгінгі таңда бірқатар бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деді Лепеха.
Журналистердің ұсталғандардың жасы мен мәртебесі туралы сұрағына Игорь Лепеха қылмыстық іс аясында бұдан басқа ештеңе алмайтынын, өйткені бұл тергеушінің құзырында екенін түсіндірді.
Ол қызды жезөкшелікке салған және зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандардың барлығы ұсталғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының басында қызылордалық 16 жастағы оқушы қыздың анасы қызын сыныптастары мен олардың туыстары есірткі тұтынуға мәжбүрлеп, күштеп ұстап, ақша бопсалағанын, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, физикалық күш көрсеткенін айтқан болатын.