Алматы облысында балта ұстаған адам дүкенді тонап кетті

Қаскөй 150 мың теңге мен бірнеше қорап темекіні алып кеткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданында балта ұстаған ер адам дүкенді тонап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Белгісіз адам дүкеншіні қорқытып, 150 мың теңге мен бірнеше қорап темекіні алып кеткен. Күдікті әлі табылған жоқ.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Күдіктіні анықтап, ұстау үшін жедел іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында", - дейді Алматы облысының полиция департаменті.
Өңірлер
Жүргізуші ұйықтап жатқан: ауыл тұрғыны жүк көлігін тонап кетті