https://sputnik.kz/20231111/zhurgizushi-uyyqtap-zhatqan-auyl-turgyny-zhuk-koligin-tonap-ketti-40101468.html
Жүргізуші ұйықтап жатқан: ауыл тұрғыны жүк көлігін тонап кетті
Жүргізуші ұйықтап жатқан: ауыл тұрғыны жүк көлігін тонап кетті
Sputnik Қазақстан
Ер адам жүк көлігінен 23 қорап құс етін ұрлаған 11.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-11T19:03+0500
2023-11-11T19:03+0500
2023-11-11T19:03+0500
өңірлер
жүк көлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_14d7b96b01a117b701cb097df8a76348.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны жолдың жиегінде тұрған жүк көлігін тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.Көлік Байғанин ауданы Ноғайты ауылынан бір шақырым қашықтықта Астрахань-Ақтөбе автожолының жиегінде тұрған. Жүк көлігінің жүргізушісі кабинада ұйықтап жатқан. Сол кезде ұры есіктің құлпын бұзып, VOLVO жүк көлігінің тіркемесінен 23 қорап құс етін ұрлап кеткен. Әрбіреуінің салмағы – 16 келі. Жүргізуші таңертең оянған кезде ғана тауардың жоғалғанын көрген.Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 42 жастағы ер адам басқарған VOLSWAGEN SHARAN автокөлігін тоқтатты. Көлік салонынан ұрланған құс етінің қораптары шықты.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-бөлігі (Ұрлық, көлікке заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Айта кетері, осы қылмыс үшін екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
https://sputnik.kz/20230719/zhetisu-oblysynda-qylmystyq-top-zhuk-kolikterin-zhuyeli-turde-tonap-kelgen-36883457.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_e400788a31f90967198cb06b1ae32573.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк көлігі
Жүргізуші ұйықтап жатқан: ауыл тұрғыны жүк көлігін тонап кетті
Ер адам жүк көлігінен 23 қорап құс етін ұрлаған
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны жолдың жиегінде тұрған жүк көлігін тонап кетті, деп хабарлайды
Polisia.kz. Көлік Байғанин ауданы Ноғайты ауылынан бір шақырым қашықтықта Астрахань-Ақтөбе автожолының жиегінде тұрған. Жүк көлігінің жүргізушісі кабинада ұйықтап жатқан. Сол кезде ұры есіктің құлпын бұзып, VOLVO жүк көлігінің тіркемесінен 23 қорап құс етін ұрлап кеткен. Әрбіреуінің салмағы – 16 келі. Жүргізуші таңертең оянған кезде ғана тауардың жоғалғанын көрген.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 42 жастағы ер адам басқарған VOLSWAGEN SHARAN автокөлігін тоқтатты. Көлік салонынан ұрланған құс етінің қораптары шықты.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-бөлігі (Ұрлық, көлікке заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.