Терроризмге қарсы қызметтің бастығы мен Ұлттық ұланның бас қолбасшысы тағайындалды

Sputnik
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Терроризмге қарсы қызметтің бастығы мен Ұлттық ұланның бас қолбасшысын тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен:
Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы,
Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарларын қызметінен босатты