Шымкентте оқушыларға арналған технологиялық марафон ашылды

Іс-шараны татарстандық технопарк ұйымдастырды
Sputnik
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте қазақстандық оқушыларға арналған технологиялық марафон ашылды.
Қазақстандық оқушыларға арналған технологиялық марафон
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, 16-21 қыркүйек аралығында Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен, Татарстанның "Кванториум" балалар технопаркінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасындағы мобильді технопарк" білім беру марафоны өтеді.
Қазақстандық оқушыларға арналған технологиялық марафон
Техномарафон алдымен Шымкенттегі Оқушылар сарайында ұйымдастырылады, одан кейін іс-шара Таразға, одан әрі Алматыға ауысады. 20 қыркүйекке дейін 5-11 сынып оқушылары үшін 48 білім беру іс-шарасын өткізу жоспарланған.
Қазақстандық оқушыларға арналған технологиялық марафон
Осы мақсатта Ресейден Қазақстанға "КАМАЗ" базасында құрылған жылжымалы зертхана, сондай-ақ салмағы 300 келіден асатын түрлі құрал-жабдық жеткізілді.
Қазақстандық оқушыларға арналған технологиялық марафон
"Осы күндері балалар виртуалды және толықтырылған шынайылық, авиамодельдеу және ұшқышсыз ұшу аппараттары, робототехника, геоинформатика және картография, 3D модельдеу және ғарыш технологиялары бойынша шеберлік сабақтарына қатысады", - дейді марафонды ұйымдастырушылар.
Қазақстанда 750-ден астам оқушы жоғары технологиялар саласындағы жаңа өнімдермен танысады деп жоспарланып отыр.