https://sputnik.kz/20240917/shymkentte-oqushylarga-arnalgan-tekhnologiyalyq-marafon-ashyldy-47153052.html
Шымкентте оқушыларға арналған технологиялық марафон ашылды
Шымкентте оқушыларға арналған технологиялық марафон ашылды
Sputnik Қазақстан
Іс-шараны татарстандық технопарк ұйымдастырды 17.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-17T09:11+0500
2024-09-17T09:11+0500
2024-09-17T12:26+0500
шымкент
марафон
жаңа технологиялар
https://sputnik.kz/img/07e8/09/11/47149375_0:61:800:511_1920x0_80_0_0_2962fefea64e5d9e0191582d699a47f6.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте қазақстандық оқушыларға арналған технологиялық марафон ашылды.Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, 16-21 қыркүйек аралығында Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен, Татарстанның "Кванториум" балалар технопаркінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасындағы мобильді технопарк" білім беру марафоны өтеді. Техномарафон алдымен Шымкенттегі Оқушылар сарайында ұйымдастырылады, одан кейін іс-шара Таразға, одан әрі Алматыға ауысады. 20 қыркүйекке дейін 5-11 сынып оқушылары үшін 48 білім беру іс-шарасын өткізу жоспарланған.Осы мақсатта Ресейден Қазақстанға "КАМАЗ" базасында құрылған жылжымалы зертхана, сондай-ақ салмағы 300 келіден асатын түрлі құрал-жабдық жеткізілді."Осы күндері балалар виртуалды және толықтырылған шынайылық, авиамодельдеу және ұшқышсыз ұшу аппараттары, робототехника, геоинформатика және картография, 3D модельдеу және ғарыш технологиялары бойынша шеберлік сабақтарына қатысады", - дейді марафонды ұйымдастырушылар.Қазақстанда 750-ден астам оқушы жоғары технологиялар саласындағы жаңа өнімдермен танысады деп жоспарланып отыр.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/11/47149375_45:0:756:533_1920x0_80_0_0_9fcbca2adf9fb257a0ab206f492053e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, марафон, жаңа технологиялар
шымкент, марафон, жаңа технологиялар
Шымкентте оқушыларға арналған технологиялық марафон ашылды
09:11 17.09.2024 (жаңартылды: 12:26 17.09.2024) Іс-шараны татарстандық технопарк ұйымдастырды
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте қазақстандық оқушыларға арналған технологиялық марафон ашылды.
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, 16-21 қыркүйек аралығында Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен, Татарстанның "Кванториум" балалар технопаркінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасындағы мобильді технопарк" білім беру марафоны өтеді.
Техномарафон алдымен Шымкенттегі Оқушылар сарайында ұйымдастырылады, одан кейін іс-шара Таразға, одан әрі Алматыға ауысады. 20 қыркүйекке дейін 5-11 сынып оқушылары үшін 48 білім беру іс-шарасын өткізу жоспарланған.
Осы мақсатта Ресейден Қазақстанға "КАМАЗ" базасында құрылған жылжымалы зертхана, сондай-ақ салмағы 300 келіден асатын түрлі құрал-жабдық жеткізілді.
"Осы күндері балалар виртуалды және толықтырылған шынайылық, авиамодельдеу және ұшқышсыз ұшу аппараттары, робототехника, геоинформатика және картография, 3D модельдеу және ғарыш технологиялары бойынша шеберлік сабақтарына қатысады", - дейді марафонды ұйымдастырушылар.
Қазақстанда 750-ден астам оқушы жоғары технологиялар саласындағы жаңа өнімдермен танысады деп жоспарланып отыр.