Ақтөбеде 1,4 гектар жер учаскесі заңсыз берілген

Бұл жер учаскесі сот шешімімен мемлекетке қайтарылды
Sputnik
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе қаласының Орталық паркінде орналасқан 1,4 га жер учаскесінің жеке кәсіпкерге заңсыз берілгендігі анықталды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Бұл жер учаскесі сот шешімімен мемлекетке қайтарылды.
"Жоғарыда аталған жер учаскесін қайтару қалалық парктегі жасыл аймақты сақтап қалуға, сондай-ақ қала тұрғындарының жалпы пайдаланудағы жер учаскелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Жамбыл облысында 2,7 мың га жер қайтарылды