Жамбыл облысында 2,7 мың га жер қайтарылды

© Photo : СС0 / AlkeMadeЯгнята
Ягнята - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2024
Жазылу
Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты
АЛМАТЫ, 6 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысы Сарысу ауданында пайдаланылмай жатқан жер шаруаларға берілді, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Сарысу ауданының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 га болатын 5 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін анықтады.
"Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты. 2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда жұмыс істемеген серіктестікке жер учаскелерін берген", - дейді ведомство.
Прокурорлар мемлекеттік жерді қорға қайтарып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берді.
Суд, правосудие - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2024
Оралда 3 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Жаңалықтар
0