Астанада спортты дамыту дирекциясының экс-басшысы сотталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК-ның басшысына қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен айыпты деп танылды.
Істі 16 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.

"Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК басшысы 2019 жылдың қараша – желтоқсан айлары аралығында өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша А.-ны аға жаттықтырушы лауазымына заңсыз тағайындап, 19-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысу үшін оны Вальтеллина (Италия) аймағына іссапарға жіберіп және жалпы сомасы 113 млн.теңгеден астам жалақы, іссапар шығыстары мен материалдық пайданы заңсыз алуға ықпал еткен", - дейді сот.

Сотталушының кінәсі дәлелденбеген. Прокурор оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
"Сот үкімімен экс-басшы ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомство.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.