https://sputnik.kz/20240916/astanada-sportty-damytu-direktsiyasynyn-eks-basshysy-sottaldy-47146478.html
Астанада спортты дамыту дирекциясының экс-басшысы сотталды
Астанада спортты дамыту дирекциясының экс-басшысы сотталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық... 16.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-16T22:45+0500
2024-09-16T22:45+0500
2024-09-16T22:45+0500
сот
астана
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:192:3001:1880_1920x0_80_0_0_0de4afdb79c701144fcdfde69b3da1e8.jpg
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК-ның басшысына қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен айыпты деп танылды.Істі 16 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.Сотталушының кінәсі дәлелденбеген. Прокурор оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады."Сот үкімімен экс-басшы ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомство.Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_84:0:2751:2000_1920x0_80_0_0_556a91bc70c41ebd228d21c149216b02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, астана
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек - Sputnik. "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК-ның басшысына қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен айыпты деп танылды.
Істі 16 қыркүйекте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады.
"Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК басшысы 2019 жылдың қараша – желтоқсан айлары аралығында өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша А.-ны аға жаттықтырушы лауазымына заңсыз тағайындап, 19-шы қысқы Сурдлимпиада ойындарына қатысу үшін оны Вальтеллина (Италия) аймағына іссапарға жіберіп және жалпы сомасы 113 млн.теңгеден астам жалақы, іссапар шығыстары мен материалдық пайданы заңсыз алуға ықпал еткен", - дейді сот.
Сотталушының кінәсі дәлелденбеген. Прокурор оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
"Сот үкімімен экс-басшы ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - дейді ведомство.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.