Алматыда екі оқушы биіктен құлап көз жұмды

Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматы екі оқушы көпқабатты үйдің терезесінен құлап қайтыс болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Оқушылардың қайтыс болғаны туралы әлеуметтік желіде тараған. Қайғылы оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
"Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
"Бет-аузының сау жері қалмаған": Ақтөбеде көз жұмған оқушының анасы жанайқайын жеткізді