https://sputnik.kz/20240904/bet-auzynyn-sau-zheri-qalmagan-aqtobede-koz-zhumgan-oqushynyn-anasy-zhanayqayyn-zhetkizdi--46796813.html
"Бет-аузының сау жері қалмаған": Ақтөбеде көз жұмған оқушының анасы жанайқайын жеткізді
"Бет-аузының сау жері қалмаған": Ақтөбеде көз жұмған оқушының анасы жанайқайын жеткізді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңесту ауылында 9 сынып оқушысы Нұржан Сыдық оқушылардың қолынан қайтыс болды. Жасөспірімнің анасының... 04.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-04T16:27+0500
2024-09-04T16:27+0500
2024-09-04T16:28+0500
ақтөбе облысы
төбелес
оқушы
https://sputnik.kz/img/old/958/28/9582807_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_bb0af0b794c1f2b09555669b30e15877.jpg
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңесту ауылында 9 сынып оқушысы Нұржан Сыдық оқушылардың қолынан қайтыс болды. Жасөспірімнің анасының айтуынша оны бірнеше оқушы соққыға жыққан, оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.Қайғылы оқиға 2 қыркүйекте болған."Баламды түнгі сағат 22:00 шамасында сыртқа шақырып алып кеткен. Не себепті шақырғанын білмеймін, жоғарғы сыныптың оқушылары. 6 бала ұрған, соның ішінде боксқа қатысатын бала бар екен. Сол да ұрған. Баламның бет-аузының сау жері қалмаған мұрны, құлағы, бүкіл жері қап-қара болып кеткен. Мен бұлай қалдырмаймын, соңғы демім біткенше әділдікке жетемін", - дейді марқұм оқушының анасы Амангүл Сыдық.Баламды ұрған 6 оқушы да жазалансын, дейді ашынған ана.Ауыл әкімдігі болса бұған дейін мұндай қайғылы жағдай Кеңесту ауылында болған емес, ауыл іші ағайын кісілердей тату еді дейді.Қазіргі күні оқиғаға қатысты екі жасөспірім күдікті деп танылған."Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша Темір ауданы полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/958/28/9582807_273:0:3004:2048_1920x0_80_0_0_aa5951a0ad7286f25764f437f1fde9f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
ақтөбе облысы, төбелес, оқушы
ақтөбе облысы, төбелес, оқушы
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңесту ауылында 9 сынып оқушысы Нұржан Сыдық оқушылардың қолынан қайтыс болды. Жасөспірімнің анасының айтуынша оны бірнеше оқушы соққыға жыққан, оқиғаның мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.
Қайғылы оқиға 2 қыркүйекте болған.
"Баламды түнгі сағат 22:00 шамасында сыртқа шақырып алып кеткен. Не себепті шақырғанын білмеймін, жоғарғы сыныптың оқушылары. 6 бала ұрған, соның ішінде боксқа қатысатын бала бар екен. Сол да ұрған. Баламның бет-аузының сау жері қалмаған мұрны, құлағы, бүкіл жері қап-қара болып кеткен. Мен бұлай қалдырмаймын, соңғы демім біткенше әділдікке жетемін", - дейді марқұм оқушының анасы Амангүл Сыдық.
Баламды ұрған 6 оқушы да жазалансын, дейді ашынған ана.
"Балам бір емес, осымен екінші рет таяқ жеген. Мектепте де практикант мұғалімнің қолынан таяқ жеп, бір ажалдан қалған. Мынау екінші рет, ажалы оқушылардың қолынан болды. Бала біткеннің бәрін ұрып өлтіре берсе кім қорғайды мына қазақты, жер астында жатып елін қалай қорғайда балам?", - деген анасының еңірегенде етегі жасқа толып отыр.
Ауыл әкімдігі болса бұған дейін мұндай қайғылы жағдай Кеңесту ауылында болған емес, ауыл іші ағайын кісілердей тату еді дейді.
Қазіргі күні оқиғаға қатысты екі жасөспірім күдікті деп танылған.
"Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша Темір ауданы полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.