Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшісі Тула облысына барды

Қазақстан Ресей облыстарымен саудада көшбасшылардың бірі болып табылады
Sputnik
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Ресей облыстарымен саудада көшбасшылардың бірі болып табылады.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің хабарлауынша, Тула облысына сапары барысында Дәурен Абаев облыс губернаторы Дмитрий Миляевті өткен аймақ басшысының сайлауындағы жеңісімен және алдағы Тула қаласының күнімен құттықтады.
Кездесуде өзара сауданың оң қарқыны айтылды. Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш екі есеге өсіп, 104,67 миллион долларды құрады. Қазақстан аймақпен сыртқы сауда көлемі бойынша ТМД елдері арасында екінші орында. Сондай-ақ тараптар экономикалық байланыстардың әлеуеті әлі таусылмай, оны арттыруға мүмкіндіктер мол екеніне тоқталды.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшісі Тула облысына барды
"Тула облысы машина жасау, аспап жасау және металл өңдеу саласында елеулі мүмкіндіктерге ие. Қазақстандық компаниялар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен кәсіпорындар құруға және келешегі зор инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Өзара сауда-көрме іс-шаралары екіжақты байланыстарды жандандыруға үлкен көмек бола алады", - делінген хабарламада.
Аммиак пен азот тыңайтқыштарының ірі өндірушісі, сондай-ақ Ресейдегі есту аппараттарының жетекші өндірушісі болып табылатын жергілікті кәсіпорындарда ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ мәдени-ағарту саласындағы өзара іс-қимыл туралы да сөз болды.
Президент жаңадан тағайындалған елші Ноғаевты қабылдады