Президент жаңадан тағайындалған елші Ноғаевты қабылдады

© Photo : региональная служба коммуникаций Атырауской областиАким Атырауской области Нурлан Ногаев
Аким Атырауской области Нурлан Ногаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Жазылу
20 мамырда Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған болатын
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
© Президенттің баспасөз қызметіТоқаев жаңадан тағайындалған елші Ноғаевты қабылдады
Тоқаев жаңадан тағайындалған елші Ноғаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2024
Тоқаев жаңадан тағайындалған елші Ноғаевты қабылдады
Кездесу барысында Тоқаев бауырлас Түрікменстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Президент екіжақты ықпалдастықты, оның ішінде энергетика, көлік-транзит, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударуды тапсырды.
Еске сала кетсек, 20 мамырда Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған болатын.
Ал оған дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды.
Жаңалықтар
0