АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ТМД мәдени ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты.
Кеңесте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы, "Достастық елдерінің мәдени астаналары" мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру барысы, сондай-ақ кинематография саласындағы ынтымақтастықты дамыту келешегі және басқа да мәселелер талқыланды.
"Мәдениет – біздің халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді сақтауға және дамытуға көмектесетін байланыстырушы буын. Бүгінгі кездесу де көпқырлы ынтымақтастықтың кеңеюіне, байланыстардың нығаюына және бірлескен жұмыстың жаңа бағдарына септігін тигізетініне сенімдімін", – деді Қазақстанның мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов.
Қатысушылар мәдени байланыстарды нығайтуға көмектесетін ортақ мәдени бағдарламалар мен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады, сонымен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің мәдениеті мен өнерінің фестивалі өтті, онда қатысушы елдердің шығармашылық топтары мен орындаушылары өнер көрсетті.