Қазақстан ТМД Мәдени ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты

© Photo : министерство культуры и информации КазахстанаТМД Мәдени ынтымақтастық кеңесінің отырысы
ТМД Мәдени ынтымақтастық кеңесінің отырысы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2024
Жазылу
Іс-шара Санкт-Петербургте өтті
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан ТМД мәдени ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты.
Кеңесте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы, "Достастық елдерінің мәдени астаналары" мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру барысы, сондай-ақ кинематография саласындағы ынтымақтастықты дамыту келешегі және басқа да мәселелер талқыланды.
"Мәдениет – біздің халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді сақтауға және дамытуға көмектесетін байланыстырушы буын. Бүгінгі кездесу де көпқырлы ынтымақтастықтың кеңеюіне, байланыстардың нығаюына және бірлескен жұмыстың жаңа бағдарына септігін тигізетініне сенімдімін", – деді Қазақстанның мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов.
© Photo : министерство культуры и информации КазахстанаТМД Мәдени ынтымақтастық кеңесінің отырысы
Заседание Совета по культурному сотрудничеству СНГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2024
ТМД Мәдени ынтымақтастық кеңесінің отырысы
Қатысушылар мәдени байланыстарды нығайтуға көмектесетін ортақ мәдени бағдарламалар мен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады, сонымен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің мәдениеті мен өнерінің фестивалі өтті, онда қатысушы елдердің шығармашылық топтары мен орындаушылары өнер көрсетті.
Флаги стран СНГ на заседании Совета министров иностранных дел в Астане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2024
ESG индексі рейтингісі: Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерін басып озды
Жаңалықтар
0