Астана этноауылдарында финалдық концерттер қалай өтті - фото

Sputnik
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. 14 қыркүйекте Астанада "Қазақ елі" монументінің, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағындағы 4 этноауылда отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана этноауылдарында финалдық концерттер қалай өтті
Концерттік бағдарламалар басталғанға дейін қонақтар мен тұрғындар үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін өнер көрсетті.
Ауданның этноауылында "Наз" би театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.
Астана этноауылдарында финалдық концерттер қалай өтті
Алматы ауданында "Қазақ елі" монументінің жанындағы этноауылда Әзербайжан Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері өнер көрсетті.
Байқоңыр ауданындағы "Ататүрік" саябағы аумағында этноауыл ұйымдастырылды. Сағат 18.00-ден бастап этноауыл аумағында қуыршақ театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен "Балаларға базарлық" балалар бағдарламасы өтті. Әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.
Астана этноауылдарында финалдық концерттер қалай өтті
Нұра ауданында "Жастар" сарайының аумағындағы этноауылда әртістердің қатысуымен сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін концерттік бағдарлама өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам спортшы қатысты.
Астана этноауылдарында финалдық концерттер қалай өтті
Елордада 5 этноауыл ұйымдастырылып, 13-14 қыркүйекте жұмысын аяқтады. Бәйтерек монументінің жанындағы Есіл ауданының этноауылы жұмысып 15 қыркүйекте аяқтайды (сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді).