https://sputnik.kz/20240915/astana-etnoauyldarynda-finaldyq-kontsertter-qalay-otti---foto-47106167.html
Астана этноауылдарында финалдық концерттер қалай өтті - фото
Астана этноауылдарында финалдық концерттер қалай өтті - фото
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. 14 қыркүйекте Астанада "Қазақ елі" монументінің, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағындағы 4... 15.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-15T15:48+0500
2024-09-15T15:48+0500
2024-09-15T15:48+0500
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
этноауыл
концерт
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0f/47105440_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6a6294afe8db1ede7d321a76bbd67066.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. 14 қыркүйекте Астанада "Қазақ елі" монументінің, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағындағы 4 этноауылда отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Концерттік бағдарламалар басталғанға дейін қонақтар мен тұрғындар үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін өнер көрсетті.Ауданның этноауылында "Наз" би театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.Алматы ауданында "Қазақ елі" монументінің жанындағы этноауылда Әзербайжан Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері өнер көрсетті.Байқоңыр ауданындағы "Ататүрік" саябағы аумағында этноауыл ұйымдастырылды. Сағат 18.00-ден бастап этноауыл аумағында қуыршақ театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен "Балаларға базарлық" балалар бағдарламасы өтті. Әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.Нұра ауданында "Жастар" сарайының аумағындағы этноауылда әртістердің қатысуымен сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін концерттік бағдарлама өтті.Естеріңізге сала кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам спортшы қатысты.Елордада 5 этноауыл ұйымдастырылып, 13-14 қыркүйекте жұмысын аяқтады. Бәйтерек монументінің жанындағы Есіл ауданының этноауылы жұмысып 15 қыркүйекте аяқтайды (сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0f/47105440_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_861765ef20e5dc9d54ef9c3197247e13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік көшпенділер ойыны, этноауыл, концерт
дүниежүзілік көшпенділер ойыны, этноауыл, концерт
Астана этноауылдарында финалдық концерттер қалай өтті - фото
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. 14 қыркүйекте Астанада "Қазақ елі" монументінің, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағындағы 4 этноауылда отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Концерттік бағдарламалар басталғанға дейін қонақтар мен тұрғындар үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Отандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін өнер көрсетті.
Ауданның этноауылында "Наз" би театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.
Алматы ауданында "Қазақ елі" монументінің жанындағы этноауылда Әзербайжан Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері өнер көрсетті.
Байқоңыр ауданындағы "Ататүрік" саябағы аумағында этноауыл ұйымдастырылды. Сағат 18.00-ден бастап этноауыл аумағында қуыршақ театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен "Балаларға базарлық" балалар бағдарламасы өтті. Әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.
Нұра ауданында "Жастар" сарайының аумағындағы этноауылда әртістердің қатысуымен сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін концерттік бағдарлама өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам спортшы қатысты.
Елордада 5 этноауыл ұйымдастырылып, 13-14 қыркүйекте жұмысын аяқтады. Бәйтерек монументінің жанындағы Есіл ауданының этноауылы жұмысып 15 қыркүйекте аяқтайды (сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді).