Алматы облысында ақылы терминалда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, бетон қоршауға соғылған.
Содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Тергеу жалғасып жатыр", — дейді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елжан Чупеков.