Алматы облысында ақылы терминалда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

© Sputnik / Медина КураковаПлатный проезд по автобану Астана-Щучинск
Платный проезд по автобану Астана-Щучинск - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, бетон қоршауға соғылған.
Содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Тергеу жалғасып жатыр", — дейді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елжан Чупеков.
Жаңалықтар
0