АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматыда автокөліктен бөлінетін қалдықтарды бақылайтын спектрометрлер іске қосылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Спектрометрлерді Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының және Қоршаған орта басқармасының бастамасымен "Sergek Group" компаниясы орнатты.
Спектрометр - бұл дизель автокөліктерінен шығатын түтінді бағалай алатын көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы заттарды (көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, азот оксиді, көмірсутектер және аммиак) өлшеу және талдау аспабы.
"Аспаптар жолдың қарама-қарсы жағында тар учаскелерде орнатылады және жарық сәулелерінің көмегімен көлік құралын тоқтатпай-ақ нақты уақыт режимінде өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды", - деп жазылған хабарламада.
EDAR (Emissions Detection and Reporting) және OPUS сияқты ұқсас технологиялар Париж, Лондон, Берлин, Мадрид, Венеция, Франкфурт және Брюссельде сәтті жұмыс істеуде.
Жобаның мақсаты – Алматы автопаркінің пайдаланылған газдарының орташа мәнін анықтау және қалалық автокөліктердің экологиялық стандарттарды сақтауын бағалау.
Бастама, қаланың экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі саналады.