https://sputnik.kz/20240913/almatyda-avtokolik-qaldyqtaryn-baqylaytyn-spektrometrler-iske-qosyldy-47067245.html
Алматыда автокөлік қалдықтарын бақылайтын спектрометрлер іске қосылды
Алматыда автокөлік қалдықтарын бақылайтын спектрометрлер іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Аспаптар өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды 13.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-13T10:39+0500
2024-09-13T10:39+0500
2024-09-13T10:40+0500
алматы
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0e/14945259_0:32:1200:707_1920x0_80_0_0_aa62dad5b121e8865c9f06e929e62427.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматыда автокөліктен бөлінетін қалдықтарды бақылайтын спектрометрлер іске қосылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.Спектрометрлерді Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының және Қоршаған орта басқармасының бастамасымен "Sergek Group" компаниясы орнатты.Спектрометр - бұл дизель автокөліктерінен шығатын түтінді бағалай алатын көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы заттарды (көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, азот оксиді, көмірсутектер және аммиак) өлшеу және талдау аспабы.EDAR (Emissions Detection and Reporting) және OPUS сияқты ұқсас технологиялар Париж, Лондон, Берлин, Мадрид, Венеция, Франкфурт және Брюссельде сәтті жұмыс істеуде.Жобаның мақсаты – Алматы автопаркінің пайдаланылған газдарының орташа мәнін анықтау және қалалық автокөліктердің экологиялық стандарттарды сақтауын бағалау.Бастама, қаланың экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі саналады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0e/14945259_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_cc8739ceff761155ea1d2e7e7ece2b51.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автокөлік
Алматыда автокөлік қалдықтарын бақылайтын спектрометрлер іске қосылды
10:39 13.09.2024 (жаңартылды: 10:40 13.09.2024) Аспаптар өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматыда автокөліктен бөлінетін қалдықтарды бақылайтын спектрометрлер іске қосылды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Спектрометрлерді Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының және Қоршаған орта басқармасының бастамасымен "Sergek Group" компаниясы орнатты.
Спектрометр - бұл дизель автокөліктерінен шығатын түтінді бағалай алатын көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы заттарды (көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, азот оксиді, көмірсутектер және аммиак) өлшеу және талдау аспабы.
"Аспаптар жолдың қарама-қарсы жағында тар учаскелерде орнатылады және жарық сәулелерінің көмегімен көлік құралын тоқтатпай-ақ нақты уақыт режимінде өтіп бара жатқан автокөліктердің пайдаланылған газдары туралы деректерді жинайды", - деп жазылған хабарламада.
EDAR (Emissions Detection and Reporting) және OPUS сияқты ұқсас технологиялар Париж, Лондон, Берлин, Мадрид, Венеция, Франкфурт және Брюссельде сәтті жұмыс істеуде.
Жобаның мақсаты – Алматы автопаркінің пайдаланылған газдарының орташа мәнін анықтау және қалалық автокөліктердің экологиялық стандарттарды сақтауын бағалау.
Бастама, қаланың экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі саналады.