Түркия қорғаныс министрі атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтты

Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады
Sputnik
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Тоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады
Президент әріптесі Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жолдап, екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы мен серіктестігін одан әрі нығайтудың маңызды екеніне назар аударды.
Өз кезегінде Яшар Гюлер атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Түркияның Қазақстанмен өзара сенім және қолдау рухындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады. Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.
Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер
Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселесі қарастырылды.