Түркия қорғаныс министрі атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтты

© Photo : АкордаТоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады
Тоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2024
Жазылу
Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
© Photo : АкордаТоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады
Токаев принял министра национальной обороны Турции Яшара Гюлера - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2024
Тоқаев Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады
Президент әріптесі Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жолдап, екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы мен серіктестігін одан әрі нығайтудың маңызды екеніне назар аударды.
Өз кезегінде Яшар Гюлер атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Түркияның Қазақстанмен өзара сенім және қолдау рухындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады. Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.
© Photo : АкордаТүркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер
Токаев принял министра национальной обороны Турции Яшара Гюлера - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2024
Түркия ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер
Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселесі қарастырылды.
Жаңалықтар
0