Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады

Sputnik
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Словения, Біріккен Танзания және Мозамбик Республикаларындағы елшілерін тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
"Данияр Сарекенов Қазақстанның Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ал Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы төтенше және өкілетті елшісі Еркін Ахинжанов Қазақстанның Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарады.
Сондай-ақ Тоқаев Әлімхан Есенгелдиевті Қазақстанның Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатты.
Тоқаев екі елдегі елшіні ауыстырды