Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Словения, Біріккен Танзания және Мозамбик Республикаларындағы елшілерін тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
"Данияр Сарекенов Қазақстанның Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ал Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы төтенше және өкілетті елшісі Еркін Ахинжанов Қазақстанның Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарады.
Сондай-ақ Тоқаев Әлімхан Есенгелдиевті Қазақстанның Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатты.
Архивное фото портфеля - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2024
Тоқаев екі елдегі елшіні ауыстырды
Жаңалықтар
0