АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында уланған мектеп оқушыларының саны 300-ге жуықтады. 222 бала үйде, 67 бала ауруханада емделіп жатыр, оның екеуі жансақтау бөліміне түсті.
Маңғыстау облысының әкімі зардап шеккендердің қал-жағдайын білді
© Photo : акимат Мангистауской области
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауруханаға барды. Дәрігерлерге науқас балаларға барлық қажетті көмек көрсетуді және ауруханадағы жұмыс режимін күшейтуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, балалар мектеп асханасындағы түскі астан кейін өзін нашар сезінген, зардап шеккендердің барлығы бір оқу орнында – Мұнайлы ауданындағы №8 мектепте оқиды.