Тамақтан уланған балалардың саны 300-ге жуықтады

© Photo : акимат Мангистауской областиМаңғыстау облысының әкімі зардап шеккендердің қал-жағдайын білді
Маңғыстау облысының әкімі зардап шеккендердің қал-жағдайын білді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Жазылу
Маңғыстау облысының әкімі ауруханаға барып, зардап шеккендердің қал-жағдайын білді
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында уланған мектеп оқушыларының саны 300-ге жуықтады. 222 бала үйде, 67 бала ауруханада емделіп жатыр, оның екеуі жансақтау бөліміне түсті.
© Photo : акимат Мангистауской областиМаңғыстау облысының әкімі зардап шеккендердің қал-жағдайын білді
Аким Мангистауской области навестил пострадавших школьников - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2024
Маңғыстау облысының әкімі зардап шеккендердің қал-жағдайын білді
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ауруханаға барды. Дәрігерлерге науқас балаларға барлық қажетті көмек көрсетуді және ауруханадағы жұмыс режимін күшейтуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, балалар мектеп асханасындағы түскі астан кейін өзін нашар сезінген, зардап шеккендердің барлығы бір оқу орнында – Мұнайлы ауданындағы №8 мектепте оқиды.
Жаңалықтар
0