Маңғыстауда полигонда оқ жарақатын алған сарбаз көз жұмды

Ол ауруханаға жетпей қайтыс болған
Sputnik
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздың бетіне оқ тиген. Ол ауруханаға жетпей көз жұмған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақтау гарнизоны таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте "Оймаша" полигонында болған. Ол жерде "Батыс" аймақтық қолбасшылығының құрылымдары оқу-жаттығулар өткізген.
"Қару-жарақты қолдау ережелерін бұзу салдарынан мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр.
Оқу-жаттығу кезінде сарбаз көз жұмды