АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында этноауыл ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астанада этноауыл ашылды
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Көшпенділер Әлемі" этноауылы ипподромның артында орналасқан. Жалпы аумағы – 10 гектар. Ішінде орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар. Базарда екі жүзден астам қолөнерші өз өнімдерін ұсынады.
Астанада этноауыл ашылды
© Sputnik / Санат Имангалиев
Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм тату үшін қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады.
Этоноауылға кіру толығымен тегін, ал ішінде спорттық шараларға билет алу керек. Қазіргі кезде 8, 37, 303 және 323 бағыттағы автобустармен тура этноауылға баруға болады.
Астанада этноауыл ашылды
© Sputnik / Санат Имангалиев
Айта кетері, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында "Қазақ елі" монументі, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағында этноауылдар ашылды.