https://sputnik.kz/20240907/elordada-etnoauyl-ashyldy--ogan-qalay-zhetuge-bolady-46839590.html
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордада этноауыл ашылды
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордада этноауыл ашылды
Sputnik Қазақстан
Бүгін этноауылға кіру тегін, ал жеке көлікпен тұраққа кіргізбейді 07.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-07T12:58+0500
2024-09-07T12:58+0500
2024-09-07T13:15+0500
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
https://sputnik.kz/img/07e8/09/07/46839710_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a2708f5bbbd1b08aa588bc28c6d1dec1.jpg
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында этноауыл ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Көшпенділер Әлемі" этноауылы ипподромның артында орналасқан. Жалпы аумағы – 10 гектар. Ішінде орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар. Базарда екі жүзден астам қолөнерші өз өнімдерін ұсынады.Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм тату үшін қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады.Этоноауылға кіру толығымен тегін, ал ішінде спорттық шараларға билет алу керек. Қазіргі кезде 8, 37, 303 және 323 бағыттағы автобустармен тура этноауылға баруға болады.Айта кетері, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында "Қазақ елі" монументі, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағында этноауылдар ашылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/07/46839710_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_fa2ac41c52befaac4d44fb5ab6096c4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: елордада этноауыл ашылды
12:58 07.09.2024 (жаңартылды: 13:15 07.09.2024) Бүгін этноауылға кіру тегін, ал жеке көлікпен тұраққа кіргізбейді
АСТАНА, 7 қыркүйек – Sputnik. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында этноауыл ресми түрде ашылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Көшпенділер Әлемі" этноауылы ипподромның артында орналасқан. Жалпы аумағы – 10 гектар. Ішінде орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар. Базарда екі жүзден астам қолөнерші өз өнімдерін ұсынады.
Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм тату үшін қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады.
Этоноауылға кіру толығымен тегін, ал ішінде спорттық шараларға билет алу керек. Қазіргі кезде 8, 37, 303 және 323 бағыттағы автобустармен тура этноауылға баруға болады.
Айта кетері, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында "Қазақ елі" монументі, "Ататүрік" саябағы, "Бәйтерек" монументі және Орталық саябақ аумағында этноауылдар ашылды.