АЛМАТЫ, 6 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысы Сарысу ауданында пайдаланылмай жатқан жер шаруаларға берілді, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Сарысу ауданының прокуратурасы пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 га болатын 5 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін анықтады.
"Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты. 2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда жұмыс істемеген серіктестікке жер учаскелерін берген", - дейді ведомство.
Прокурорлар мемлекеттік жерді қорға қайтарып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берді.