Ирак депутаты АҚШ-тың ресейлік БАҚ-қа қарсы санкцияларын сынады

Sputnik
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-тың ресейлік БАҚ-қа салған санкциялары Вашингтонның шынайы жүзін ашты, деп мәлімдеді РИА Новостиге Ирак парламентінің депутаты Хусейн Мунис.
"Осындай әрекеттерімен АҚШ өзінің шынайы бет-жүзін ашты. Қазіргі уақытта АҚШ ережесіз әрекет ететін америкалық ковбойдың әдеттерін пайдаланып, жаппай соғыс жүргізуде. Ол біресе доллар мен АҚШ қазынасын пайдаланып, өзін тыңдамайтын елдерге экономикалық қысым жасайды, біресе әскери тұрғыдан араласады, тағы бір жағдайда ол БАҚ-ты бақылауға тырысып, шетелдік БАҚ-ты шектеп жатыр, бақылау орнату үшін жекелеген халықаралық арналар мен агенттіктерді жазалап жатыр", - деді депутат.
Сәрсенбіде АҚШ "Россия сегодня" медиа тобына қарсы санкциялар салды. Жаңа санкциялар "Россия сегодня" медиа тобы мен RT бас редакторы Маргарита Симоньянға және осы телеарнаның бірқатар топ-менеджеріне қатысты.
Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстан қор биржасына әсер ете ме – KASE мәлімдемесі