https://sputnik.kz/20240613/aqsh-resey-qor-birzhasyna-sanktsiya-saldy-kase-malimdeme-zhasady-44944822.html
Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстан қор биржасына әсер ете ме – KASE мәлімдемесі
Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстан қор биржасына әсер ете ме – KASE мәлімдемесі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. OFAC (Office of Foreign Assets Control, АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы) тарапынан "Мәскеу... 13.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-13T11:53+0500
2024-06-13T11:53+0500
2024-06-13T12:00+0500
қаржы нарығы
санкция
https://sputnik.kz/img/1302/83/13028300_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_32f7fb0edf7dbdefa2479fd1f34fe0b5.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. OFAC (Office of Foreign Assets Control, АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы) тарапынан "Мәскеу биржасы" ЖАҚ (бұдан әрі – MOEX), ресейлік Ұлттық клиринг орталығы (ҰКО) және ресейлік Ұлттық есеп айырысу депозитарийіне қатысты енгізілген санкциялар туралы ақпараттың жариялануына байланысты Қазақстан қор биржасы мәлімдеме жасады.Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан қор биржасы мен KASE клиринг орталығы жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Сауда-саттық, клиринг және есеп айырысулар стандартты регламентке сәйкес жүргізілетін болады. KASE санкциялық шектеулерді ескере отырып, MOEX-пен іскерлік қатынастарды жалғастыруды қарастырады.
https://sputnik.kz/20220310/kase-khabarlasy-alayaqtar-23431506.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1302/83/13028300_182:0:2913:2048_1920x0_80_0_0_50b4571d9fa11bec525672a9ec1cfab1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы нарығы, санкция
Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстан қор биржасына әсер ете ме – KASE мәлімдемесі
11:53 13.06.2024 (жаңартылды: 12:00 13.06.2024) АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. OFAC (Office of Foreign Assets Control, АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы) тарапынан "Мәскеу биржасы" ЖАҚ (бұдан әрі – MOEX), ресейлік Ұлттық клиринг орталығы (ҰКО) және ресейлік Ұлттық есеп айырысу депозитарийіне қатысты енгізілген санкциялар туралы ақпараттың жариялануына байланысты Қазақстан қор биржасы мәлімдеме жасады.
"2024 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша MOEX-ке KASE орналастырылған акцияларының 13,1% тиесілі. OFAC шығарған 14024 атқарушылық жарлығына сәйкес, тұлғаның SDN тізімінде болуы акцияларының/үлестерінің 50%-ы және одан көп көлемі тікелей немесе жанама түрде SDN List тізіміндегі тұлға тарапынан жеке немесе басқа санкциялық тұлғалармен бірлесіп бақыланатын тұлғаларға қатысты бұғаттау санкцияларын қолдану қаупін көздейді. KASE аталған тұлғаларға жатпайды және шектеулер Биржаның және KASE клиринг орталығының қызметіне әсер етпейді", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан қор биржасы мен KASE клиринг орталығы жұмысын штаттық режимде жалғастырады. Сауда-саттық, клиринг және есеп айырысулар стандартты регламентке сәйкес жүргізілетін болады.
KASE санкциялық шектеулерді ескере отырып, MOEX-пен іскерлік қатынастарды жалғастыруды қарастырады.