Паралимпиада ойындары: қоржынға бір алтын, бір қола медаль түсті

Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды.
Давид Дегтярев
Жерлесіміз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.
Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды.
Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды саналады.
Жалпы жетінші күннің нәтижесі бойынша, пара жүзуден Зүлфия Ғабидуллина 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 10-орынға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші – 1:12.07 секунд.
Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларынан 3:0 есебімен басым түсіп, XVII жазғы Паралимпия ойындарын 5-орынмен аяқтады.
Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.