https://sputnik.kz/20240905/paralimpiada-oyyndary-qorzhynga-bir-altyn-bir-kumis-medal-tusti-46804083.html
Паралимпиада ойындары: қоржынға бір алтын, бір қола медаль түсті
Паралимпиада ойындары: қоржынға бір алтын, бір қола медаль түсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп... 05.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-05T08:39+0500
2024-09-05T08:39+0500
2024-09-05T08:41+0500
паралимпиада чемпионы
париж
https://sputnik.kz/img/07e8/09/05/46801007_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_b14366fb01f1e5a4aab4c89030178314.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды. Жерлесіміз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды саналады.Жалпы жетінші күннің нәтижесі бойынша, пара жүзуден Зүлфия Ғабидуллина 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 10-орынға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші – 1:12.07 секунд. Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларынан 3:0 есебімен басым түсіп, XVII жазғы Паралимпия ойындарын 5-орынмен аяқтады. Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.
париж
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/05/46801007_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8acc35f742bc5c9863534fa8bd2d249a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
паралимпиада чемпионы, париж
паралимпиада чемпионы, париж
Паралимпиада ойындары: қоржынға бір алтын, бір қола медаль түсті
08:39 05.09.2024 (жаңартылды: 08:41 05.09.2024) АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды.
Жерлесіміз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.
Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды.
Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды саналады.
Жалпы жетінші күннің нәтижесі бойынша, пара жүзуден Зүлфия Ғабидуллина 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 10-орынға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші – 1:12.07 секунд.
Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларынан 3:0 есебімен басым түсіп, XVII жазғы Паралимпия ойындарын 5-орынмен аяқтады.
Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.