АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысындағы басып алынған аумақтарды ұстап тұруды жоспарлап отыр.
"Қазір ол аумақтар бізге қажет. Біз оны ұстап тұрамыз", - деді Владимир Зеленский NBC News арнасына берген сұхбатында.
Зеленскийдің айтуынша, Киев жоспары үшін бұл аумақтардың маңызы зор.
6 тамызда Украина қарулы күштері Курск облысының аумағына басып кірді. Ресей әскері олардың алға жылжуын тоқтатқан.
Курск, сондай-ақ Белгород және Брянск облыстарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін терроризмге қарсы операция режимі енгізілген.