https://sputnik.kz/20240826/zelenskiy-beybit-kelissozder-turaly-zhana-malimdeme-zhasady-46590850.html
Зеленский бейбіт келіссөздер туралы жаңа мәлімдеме жасады
Зеленский бейбіт келіссөздер туралы жаңа мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Ол ел аумағын бейбітшілікті ұсыну құралы ретінде пайдалануға дайын емес екенін айтты 26.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-26T12:15+0500
2024-08-26T12:15+0500
2024-08-26T12:16+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
зеленский
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055715_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_8c1de8bda91f0dd47e5c325a7af2086c.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Владимир Зеленский үнділік журналистермен әңгімелесу барысында қақтығысты тоқтату үшін аумақты бермейтінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатады және келіссөздерге дайын екенін жариялады. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартып, демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға міндетті деп айтты. ПутинРесейге қарсы санкциялардың жойылуын да атады.Украина қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылынан кейін президент Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді. Кейінірек Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеудің Ресей мемлекетінің басшысы бұрын айтқан украин қақтығысын реттеу туралы бітімгершілік ұсыныстары жойылмағанын, бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/14/41055715_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_94b31efd7c2fa2fcd07050625058a1b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зеленский
Зеленский бейбіт келіссөздер туралы жаңа мәлімдеме жасады
12:15 26.08.2024 (жаңартылды: 12:16 26.08.2024) Ол ел аумағын бейбітшілікті ұсыну құралы ретінде пайдалануға дайын емес екенін айтты
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Владимир Зеленский үнділік журналистермен әңгімелесу барысында қақтығысты тоқтату үшін аумақты бермейтінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз ел аумағын бейбітшілікті ұсыну құралы ретінде пайдалануға дайын емеспіз", - деді Зеленский.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы бастамалар көтерген болатын. Мәскеу Ресейдің жаңа аймақтарының аумағынан украин әскерлері шығарылғаннан кейін дереу атысты тоқтатады және келіссөздерге дайын екенін жариялады. Сонымен қатар, ол Киев НАТО-ға кіру ниетінен бас тартып, демилитаризация мен денацификациялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ бейтарап, блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебені қабылдауға міндетті деп айтты. ПутинРесейге қарсы санкциялардың жойылуын да атады.
Украина қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылынан кейін президент Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді. Кейінірек Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеудің Ресей мемлекетінің басшысы бұрын айтқан украин қақтығысын реттеу туралы бітімгершілік ұсыныстары жойылмағанын, бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін мәлімдеді.