Шығыс экономикалық форумында шахматтан ШЭФ кубогы басталды

Сыйлық қоры 33,8 мың доллар жүлдеге 12 елдің өкілдері таласады
Sputnik
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Шығыс экономикалық форумында ШЭФ шахмат кубогы басталды.
"Ең үздік" деген атақ пен 3 миллион рубль (шамамен 16 млн 410 мың теңге) жүлде қоры үшін 12 елдің өкілдері бақ сынап жатыр. Бұл Қазақстан, Ресей, БАӘ, Иран, Беларусь, Моңғолия, Вьетнам, Қытай, Үндістан, Бразилия және Қырғызстанның гроссмейстерлері.
Шахматтан ШЭФ кубогы
Шетелдік шахматшылар арасынан қытайлық гроссмейстер Ма Куинді, Үндістанның ең мықты гроссмейстерлерінің бірі Пураника Абхиманья мен Бразилияның жеті дүркін чемпионы Джованни Весковиді ерекше атауға болады. Турнирде барлығы 32 спортшы бар.
Шахматтан ШЭФ кубогы
Турнирдің ашылуына Қиыр Шығыс және Арктика елдерін дамыту министрінің орынбасары Эльвира Нұрғалиева қатысты.
Шахматтан ШЭФ кубогы
"Ең ірі экономикалық форумда шахмат турнирін ұйымдастыру идеясы экономика мен адам капиталын дамыту үшін интеллектуалдық спорттың маңыздылығын дәл көрсетеді", - деді Эльвира Нұрғалиева.
Шахматтан ШЭФ кубогы
Турнирге Азия шахмат федерациясының бас хатшысы Хишам әл-Тахер келеді деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс экономикалық форумы 3-6 қыркүйекте Ресейдің Владивосток қаласында Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында өтіп жатыр. ШЭФ-ті Ресей конгресі ұйымдастырып отыр.