АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Сербия ешқашан Ресейге қарсы санкциялар енгізбейді және антиресейлік шараларға қосылмайды, деп мәлімдеді Сербия премьер-министрінің орынбасары Александр Вулин. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
“Өздеріңіз білетіндей, Сербия тек стратегиялық серіктес қана емес, Сербия Ресейдің одақтасы да. Міне, сондықтан да бізге Батыстың қысымы орасан зор. Сербия ешқашан НАТО-ға мүше болмайды және Ресей Федерациясына қарсы санкциялар салмайды, өз аумағынан Ресейге қарсы операциялар жүргізуге жол бермейді”, - деді Вулин Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде.
Ол Сербияның антиресейлік шараларға қосылмайтынын айтты.
“Біз Ресейді құрметтейміз және бағалаймыз”, - деді вице-премьер.
Вулиннің айтуынша, Шығыс экономикалық форумы Ресейді оқшаулау мүмкін емес екенін көрсетеді.
"Сербия ешқашан мұндай саясатқа қатыспайды”, - деді ол.
Премьер-министрдің орынбасары Ресей басшысына Сербия президенті Александр Вучичтің денсаулық пен күш-қуат тілейтін сәлемін жеткізді. Путин мен Вулин арасындағы келіссөз Шығыс экономикалық форумы аясында өтіп жатыр.
ШЭФ 3-6 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында өтіп жатыр. РИА Новости ШЭФ-2024 бас ақпараттық серіктесі болып табылады.
Sputnik - ШЭФ бас ақпараттық серіктесі.