https://sputnik.kz/20240904/serbiya-vitse-premeri-reseyge-qarsy-sanktsiya-salynbaytynyn-aytty-46797104.html
Сербия вице-премьері Ресейге қарсы санкция салынбайтынын айтты
Сербия вице-премьері Ресейге қарсы санкция салынбайтынын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Сербия ешқашан Ресейге қарсы санкциялар енгізбейді және антиресейлік шараларға қосылмайды, деп мәлімдеді Сербия... 04.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-04T16:55+0500
2024-09-04T16:55+0500
2024-09-04T19:59+0500
ресей
санкция
форум
https://sputnik.kz/img/11/87/118795_0:148:2817:1732_1920x0_80_0_0_87088e0a056d6c4bb88593ad84574937.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Сербия ешқашан Ресейге қарсы санкциялар енгізбейді және антиресейлік шараларға қосылмайды, деп мәлімдеді Сербия премьер-министрінің орынбасары Александр Вулин. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Ол Сербияның антиресейлік шараларға қосылмайтынын айтты. “Біз Ресейді құрметтейміз және бағалаймыз”, - деді вице-премьер. Вулиннің айтуынша, Шығыс экономикалық форумы Ресейді оқшаулау мүмкін емес екенін көрсетеді. "Сербия ешқашан мұндай саясатқа қатыспайды”, - деді ол. Премьер-министрдің орынбасары Ресей басшысына Сербия президенті Александр Вучичтің денсаулық пен күш-қуат тілейтін сәлемін жеткізді. Путин мен Вулин арасындағы келіссөз Шығыс экономикалық форумы аясында өтіп жатыр. ШЭФ 3-6 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында өтіп жатыр. РИА Новости ШЭФ-2024 бас ақпараттық серіктесі болып табылады.Sputnik - ШЭФ бас ақпараттық серіктесі.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/87/118795_154:0:2661:1880_1920x0_80_0_0_648262111637b1c318e83bd8415bcada.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, санкция, форум
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Сербия ешқашан Ресейге қарсы санкциялар енгізбейді және антиресейлік шараларға қосылмайды, деп мәлімдеді Сербия премьер-министрінің орынбасары Александр Вулин. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
“Өздеріңіз білетіндей, Сербия тек стратегиялық серіктес қана емес, Сербия Ресейдің одақтасы да. Міне, сондықтан да бізге Батыстың қысымы орасан зор. Сербия ешқашан НАТО-ға мүше болмайды және Ресей Федерациясына қарсы санкциялар салмайды, өз аумағынан Ресейге қарсы операциялар жүргізуге жол бермейді”, - деді Вулин Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде.
Ол Сербияның антиресейлік шараларға қосылмайтынын айтты.
“Біз Ресейді құрметтейміз және бағалаймыз”, - деді вице-премьер.
Вулиннің айтуынша, Шығыс экономикалық форумы Ресейді оқшаулау мүмкін емес екенін көрсетеді.
"Сербия ешқашан мұндай саясатқа қатыспайды”, - деді ол.
Премьер-министрдің орынбасары Ресей басшысына Сербия президенті Александр Вучичтің денсаулық пен күш-қуат тілейтін сәлемін жеткізді. Путин мен Вулин арасындағы келіссөз Шығыс экономикалық форумы аясында өтіп жатыр.
ШЭФ 3-6 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында өтіп жатыр. РИА Новости ШЭФ-2024 бас ақпараттық серіктесі болып табылады.
Sputnik - ШЭФ бас ақпараттық серіктесі.