Референдум жұмысына мұғалімдер тартылады – комиссия төрағасы себебін айтты

Sputnik
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру кезінде сайлау учаскелері неге мектептерде көптеп ашылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Комиссия төрағасы осы мәселе бойынша шетелдік тәжірибені зерделеп шықтым деп отыр.
"Мен Үндістанда, Мажарстанда, Оңтүстік Кореяда болдым. ТМД мемлекеттерін айтпай-ақ қояйын, барлық жерде сайлау мектептерде өтеді. Бізде былай қарасаңыз, ауылдарда мемлекеттік деңгейде басқа ғимарат жоқ. Әкімдікте өткізбейміз ғой. Ал мәдениет үйі барлық жерде жоқ. Сондықтан мектепте өткізбеу мүмкін емес", - деді Әбдіров комиссияның бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, шетелде мектеп ғимаратында бір емес, бірнеше сайлау учаскесін ашып жатады.
"Себебі ғимарат тапшы, мәселе сонда. Біреудің үйіне барып ашпайды ғой. Әкімдікте өткізе алмаймыз. Өйткені біз атқарушы биліктен алшақ болуымыз керек", - деп атап көрсетті комиссия басшысы.
Қытай Қазақстанда АЭС-ті екі есе жылдам және екі есе арзан сала алмайды – CNNC