https://sputnik.kz/20240828/qytay-qazaqstanda-aes-ti-eki-ese-zhyldam-zhane-eki-ese-arzan-sala-almaydy--cnnc-46649661.html
Қытай Қазақстанда АЭС-ті екі есе жылдам және екі есе арзан сала алмайды – CNNC
Қытай Қазақстанда АЭС-ті екі есе жылдам және екі есе арзан сала алмайды – CNNC
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін қазақстандық БАҚ Қытай АЭС-ті тез әрі арзан салуды ұсынғаны туралы ақпарат таратқан болатын 28.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-28T19:00+0500
2024-08-28T19:00+0500
2024-08-28T19:00+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/115/61/1156102_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_6a54777ed782d1a0903d3c8daf649329.jpg
АСТАНА, 28 тамыз - Sputnik. Шын мәнінде Қытай Қазақстанда атом электр станциясын екі есе жылдам және екі есе арзан бағаға сала алмайды. Бұл туралы Орталық Азия және Шығыс Еуропадағы CNNC өкілдігінің басшысы Ли Юдонг Sputnik Қазақстан тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.Бұған дейін қазақстандық БАҚ "Қытай Қазақстан үшін 5,6 миллиард долларға және 5 жыл мерзімде атом электр станциясын салуға дайын" деген ақпарат таратқан болатын. Шындығында, атом электр станциялары сияқты жобаларға орта есеппен 10-11 миллиард доллар және 10 жыл мерзім қажет.Бұл ретте ол "бір энергоблокты салуға 5 жыл қажет" екенін түсіндірді. Ал Қазақстан екі блоктан тұратын АЭС салуды жоспарлап отыр."Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин құжаттаманы дайындауды есепке алмағанда "Росатомның АЭС-ты салуына 6 жыл кетеді" деп мәлімдеді."Росатомның таза құрылысының өзі 6 жылға созылды. Сондықтан біз мұның бәрін салыстырамыз. Содан кейін оны қалай салу керектігін ғана емес, оның барлығы қалай жұмыс істейтінін де ескеру керек. Яғни, 60 жыл. Біз қазір бұл станцияның қалай жұмыс істейтінін болжап, түсінуге тырысып жатырмыз", - деді Тимур Жантикин.Ал төрт вендор бойынша жобаның базалық құны 8-ден 11,5 миллиард долларға дейін барады, дейді Тимур Жантикин. Ол сондай-ақ overnight cost жайында айтып, бұл нені білдіретінін түсіндірді.Қазіргі уақытта "Росатом" Қытайда екі атом электр станциясын салуда: "Тяньвань" және "Сюйдапу". Тяньвань АЭС-тің жетінші блогын іске қосу 2026 жылға, сегізінші блокты іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Сюйдапу атом электр станциясының екі энергоблогы 2028 жылы іске қосылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/61/1156102_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_e899c06ae501269f8e17498b3f34a4e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
Қытай Қазақстанда АЭС-ті екі есе жылдам және екі есе арзан сала алмайды – CNNC
Бұған дейін қазақстандық БАҚ Қытай АЭС-ті тез әрі арзан салуды ұсынғаны туралы ақпарат таратқан болатын
АСТАНА, 28 тамыз - Sputnik. Шын мәнінде Қытай Қазақстанда атом электр станциясын екі есе жылдам және екі есе арзан бағаға сала алмайды. Бұл туралы Орталық Азия және Шығыс Еуропадағы CNNC өкілдігінің басшысы Ли Юдонг
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
Бұған дейін қазақстандық БАҚ "Қытай Қазақстан үшін 5,6 миллиард долларға және 5 жыл мерзімде атом электр станциясын салуға дайын" деген ақпарат таратқан болатын. Шындығында, атом электр станциялары сияқты жобаларға орта есеппен 10-11 миллиард доллар және 10 жыл мерзім қажет.
"Ол (осы туралы жазған журналист) шатасқан болар. Мен оған бұл Қытайда жүргізіліп жатқан атом электр станцияларының сериялық құрылысының ықтимал бағасы екенін айттым. Референдумға дейін Қазақстандағы бағаны ешкім айтқан жоқ және айта алмайды да", - деді Ли Юдонг.
Бұл ретте ол "бір энергоблокты салуға 5 жыл қажет" екенін түсіндірді. Ал Қазақстан екі блоктан тұратын АЭС салуды жоспарлап отыр.
"Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин құжаттаманы дайындауды есепке алмағанда "Росатомның АЭС-ты салуына 6 жыл кетеді" деп мәлімдеді.
"Росатомның таза құрылысының өзі 6 жылға созылды. Сондықтан біз мұның бәрін салыстырамыз. Содан кейін оны қалай салу керектігін ғана емес, оның барлығы қалай жұмыс істейтінін де ескеру керек. Яғни, 60 жыл. Біз қазір бұл станцияның қалай жұмыс істейтінін болжап, түсінуге тырысып жатырмыз", - деді Тимур Жантикин.
Ал төрт вендор бойынша жобаның базалық құны 8-ден 11,5 миллиард долларға дейін барады, дейді Тимур Жантикин. Ол сондай-ақ overnight cost жайында айтып, бұл нені білдіретінін түсіндірді.
"Бұл дисконттар, ақша құны, құрылыс уақыты және басқалары есепке алынбаған құрылыс құнының бағасы. Яғни, таза құны. Бұл есептеулер үшін негіз ретінде алынған диапазон. Базалық құн айтылып, сосын әрі қарай тплқылау жүргіземіз", - деді Жантикин.
Қазіргі уақытта "Росатом" Қытайда екі атом электр станциясын салуда: "Тяньвань" және "Сюйдапу". Тяньвань АЭС-тің жетінші блогын іске қосу 2026 жылға, сегізінші блокты іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Сюйдапу атом электр станциясының екі энергоблогы 2028 жылы іске қосылады.