АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Олимпиадалық іріктеу турнирінің қорытынды матчында хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Братиславада Словакия құрамасымен ойнады.
Словакия 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты.
Осылайша Словакия құрамасы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды.
Бұған дейін қазақстандықтар Венгрия мен Австрияны жеңіп, топта екінші орын алғанымен, Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады.