Чехия құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды

© AP Photo / Darko VojinovicЧехия хоккейден әлем чемпионы атанды
Чехия хоккейден әлем чемпионы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Жазылу
Әлем чемпионатын бірде-бір рет жеңбеген швейцариялықтар төртінші рет күміс медаль иеленді
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Чехия құрамасы хоккейден өз елінде өткен әлем чемпионатының финалында Швейцария құрамасын ұтты.
Прагада өткен кездесу 2:0 (0:0, 0:0, 2:0) есебімен турнир иелерінің жеңісімен аяқталды.
Жеңіс голын "Бостон Брюинз" командасының шабуылшысы Давид Пастрняк (50-минут), екінші шайбаны "торонтолық" Давид Камф (60) соқты.
Чехия құрамасы жетінші рет әлем чемпионатын жеңіп алды (1996, 1999, 2000, 2001, 2005, 2010, 2024). Сондай-ақ команда бір рет күміс, алты рет қола жүлдені жеңіп алды.
Ешқашан әлем чемпионы атанбаған швейцариялықтар төртінші рет күміске қол жеткізді. Сегіз рет команда үшінші орын алды.
Жаңалықтар
0