Білім күні: 352 мың оқушы үшін бүгін алғашқы қоңырау соғылады

Sputnik
АСТАНА, 1 қыркүйек - Sputnik. Еліміздің барлық өңірлерінде білім беру ұйымдары өз есіктерін айқара ашуда. Бірінші сыныпқа баратын 352 мың оқушы үшін бүгін алғашқы қоңырау соғылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Биыл жалпы Қазақстан мектептерінде 3,9 миллионнан астам оқушы білім алады.
Мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Осы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды.
Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.
87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алуда. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - "Қауіпсіздік сабағы" енгізілуде. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.
Астанадағы жайлы мектепте оқушыларға қандай жағдай жасалған